Главные новости Волгограда
Волгоград
Июнь
2018

Футболшылар мен жанкүйерлерді шіркей талап жатыр

0
Футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчына екі күн қалғанда Волгоградта солтүстік-шығыстан соққан жел Волга өзенінің арғы бетінен айдап әкелген триллиондаған қансорғыш шіркей қаптап кетті. Маусымның 18-і  күні құжынаған шіркей Тунис пен Англия құрамаларының ойынын стихиялық апатқа айналдырып,  футболшылар мен жанкүйерлерді талап тастады. Шамамен 40 миллион рубль жұмсалған "Шіркейге қарсы" жоспардан қайран болмады.


​Таң сәріде Чуйковтың ескерткіші жанындағы сәкіде Тунистің ай мен жұлдыз бейнеленген алқызыл туын жамылған екі шетелдік жанкүйер отыр. Екеуінің мыж-мыжы шыққан. Фотоаппараттың объективін байқаған жігіттер қолдарын сермелеп, "No, no!"​ деп айғай салды. Біләл мен Мұхамад ат-Тахир Тунистің Гафса деген шағын қаласынан келіпті. Екеуінің жұмыссыз жүргеніне екінші жылға айналған. Бірақ Тунис-Англия матчына билет сатып алудың сәті түскен. Екеуінің айтуынша, ақшалары соған ғана жеткен, сондықтан ыңғайы келген жерге түней салады. Мәскеуде бір түнін Павелец вокзалында өткізген, ал Волгоградта саябақтың бір бұрышында қаптөсектің ішіне кіріп ұйықтауды ұйғарған.


- Түнімен кірпік ілмедік - екеумізді шіркей талады. Қапқа тығылайық десек, ыстық әрі қапырық. Ал оған кірмесең, талап тастайды. Сұмдық! Қайда тығыларымызды білмедік, бз тұратын шөл далада мұндай жоқ, - деп шағынады Мұхамад.


- Таңертең Волганың жағасына барып, шомылып  сәл ес жидық. Енді бір жерден таңғы ас, кофе ішпесек болмайды, - дейді Біләл.




Ағайынды ағылшындар Том мен Бил Гриффитс Волгоградқа 18 маусым күні таңертең келіп, кеш қарайғанға дейін қонақүй іздеген. Азаттықтың Орыс қызметі тілшісімен жолыққан сәтте екеуі шіркей туралы әсерлерімен де бөлісті.




- Midge деген орысша қалай болады? "Мошка!" О! Тәңірім! – дейді мазасын алған шіркейді тынымсыз қуумен болған Том.


- Мынаған шыдау мүмкін емес! Олар бізді тіпті кафенің ішінде отырғанда шағып тастады, - деп ашуланады Бел. Бірақ ағайынды жігіттердің айтуынша, матч кезінде стадионда шіркей болмаған.







Әкелі-балалы Питер мен Штефан Хеймс әйгілі футбол клубы бар Сандерленд қаласынан келген. Питер – зейнеткер, ұлы – коммерциялық компанияның қаржы директоры. Волгоградта олар ресейліктердің ақкөңіл екенін және кафе, дүкендерде тамақтың арзан екенін көріп таң қалған. Ағылшындар діңкелеткен жәндіктерді қуып турып әңгімелесті.


- Кешеден бері қалада шіркей қаптап кетті. Бұлай болады деп ойламаппыз. Бізге бұл жайлы ескерткен жоқ болатын, - дейді Питер Хеймс күліп.


- Телевизия мен газеттерден футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионатына бару қауіпті деп жар салған болатын. Сіздердің агрессияға бейім жанкүйерлеріңіз туралы да, өзге қатерлер туралы да айтқан. Ал шіркей туралы ескерткен жоқ, - дейді Штефан. 


- Ақырында ағылшын БАҚ-тарынан естіген жайттардың ешқайсысы расталған жоқ, есесіне олар айтпаған бірдеңе бар екен, - дейді Питер Хеймс.  


 




Бристоль қаласынан келген бухгалтер Джейк Джеффериз әріптесі Роберт Шоу күтіп отырған вокзалға асығып бара жатыр екен.  Екеуі Эльбрус шыңын бағындыру үшін матчтың ертеңінде Кавказға аттануға келіскен. Жол-жөнекей Джейк Волгоградта бірнеше күнді қалай өткізгенін айтып берді. Матч оған қатты ұнаған (Тунис құрамасы лайықты қарсылас болып шыққан), бірақ шіркей діңкелеткен. Джейк шіркей талап тастаған аяқтарын көрсетіп:


​– Шіркейден қайда тығыларымызды білмедік. Олар тіпті дүкеннің ішінде қыр соңыңнан қалмайды. Құлақ-мұрын, көзіңе үймелеп алады екен. Сұмдық енді. Жаз кезінде сіздерде ылғи осылай бола ма? Маусым айында ғана дейсіз бе? Жақсы. Онда келесі жолы шілдеде келемін.




- Ұсақ шіркей Мексикада да бар. Джунглиде, мұхиттың жағасында болады. Ол жақта көбінесе ұсақ шыбындар көп, - дейді мексикалық Джоан де Диос Роверо. – Бірақ олар белгілі бір кезеңде ғана шығады әрі ылғи шаға бермейді.  Волгоградта шіркейге таланамын деп ойламаппын. Өзі титімдей ғана жәндік екен, сирек шағады, бірақ мүлде маза бермейді.


Құжынаған шіркейге үйреніп кеткен мексикалық фан-аймақта ілінген үлкен экраннан кезекті матчты қоршаудың сыртынан бақылап тұр. Джоан Волгоградқа Англия құрамасына жанкүйер болып келген.




Ұсақ шіркей "Волгоград Арена" стадионына маңындағы орталық саябақта демалып отырған волгоградтық зейнеткерлердің де мазасын алған. Ерлі-зайыпты Татьяна мен Сергей Павленко чемпионатта ерікті ретінде жүрген немересінің жұмысын сәкіде отырып бақылайды екен.


– Жұрт территорияны бірнеше мәрте дәріледі деп жүр еді. Біразға дейін шіркей болған жоқ. Екі күн бұрын - тура матч басталарда қаптап кетті, - дейді Татьяна Павленко.


Шынымен, мамырдың аяғында Волга және Ахтубе өзендері алқабындағы су көздері екі мәрте дәріленгенін "Шіркейге қарсы" жоспар авторларының бірі профессор Елена Иванцова да растадыа. Оның мәлімдеуінше, мұның арқасында маса мен шіркейді едәуір азайтудың сәті түскен.




- Бірақ өткен демалыс күндері және алғашқы матч қарсаңында Волга өзенінда өсіп жетілген шіркейлер қаптай басталды. Ағын судың мұндай көлемін дәрілеп шығу мүмкін еместігі түсінікті.  Имагоға (ересек жәндік – ред.) қарсы пайдаланатын тиімді шара жоқ. Кей жағдайларда ересек аналықтары жағалау бойындағы қамыс-құраққа немесе қорғалатын нысанның айналасын дәрілеу арқылы жояды. Бірақ мұндай шараның әсері көпке созылмайды, - деп түсіндіреді Елена Иванцова.


Профессордың сөзінше, матч қарсаңында стадион айналасындағы түнде ересек шіркейлер шоғырланатын шөптер мен бұталарды жәндіктерге қарсы препараттармен дәрілеген. Олай болса, шіркейлер неге жанкүйерлердің зықысын шығарған?


- Шамасы, шіркейлер стадионға адамдардың киіміне, шашына жабысып кірген болу керек, - деп топшылайды Иванцова. – Бұл жәндіктің жарыққа, көмір қышқыл газ көп шоғырланған жерге, адамның тер бездері құрамына кіретін сүт қышқылы иісіне үймелейтін қасиеті бар. Сондықтан шіркей стадионның ортасындағы ойыншылар жүрген алаңға қарай жөңкілген,  ал футболшылар, обалы не керек, табиғаттың жайсыз құбылысына шыдап берді.


Волгоградта шіркейлер бұдан ары көбеймеуі тиіс деп жұбатқан профессор "үш аптадан кейін біртіндеп мүлде азаяды" дейді.


- Табиғатпен бұлай ойнау қауіпті, - дейді тәуелсіз эколог әрі "Волгоград-Экспресс" ақпараттық орталығының директоры Елана Васильева. Ол "Шіркейге қарсы" жоспардан пайда болмасына әу бастан сенімді болған. Мына жағдай оның қаупін растаған.


- Иә, әлдебір бактерологиялық тәсілдерге жүгініп, стадионға жақын су көздеріндегі шіркейлердің дернәсілдерін жойған шығар. Айтпақшы олар экожүйенің өзге өкілдеріне қатер төндіруі мүмкін. Бірақ Волганың арғы бетіндегі даладан шіркейлерді жел оңай айдап әкеледі. Мұны кейінгі бес күннен бері байқап отырмыз. Мұндай пайдасы жоқ шараларға миллиондаған рубль жұмсап керегі жоқ еді.




Эколог "миллиондаған ақша шашқылары келсе, бұдан да шегіртке  өсіргендері дұрыс еді. Шегіртке ұшқан кезде шіркей болмайды" дейді. Оның пікірінше, ұсақ шыбын-шіркеймен күрестің бактериологиялық тәсілдері "қалаға химиялық шабуыл жасаудан" бәрібір артық.


Ал Волгоград облысы әкімшілігі алдын ала қарастырылған шаралардың арқасында "биыл Волгоградта шыбын-шіркейді шамамен 10 есеге азайудың сәті түсті" деп хабарлайды. Губернатор аппаратының баспасөз қызметі өкілі Юлия Ермакова Азаттық тілшісіне "адамға қауіпсіз қанатты жәндіктер қалада жоспарланған көпшілік шараларды өткізуге кедергі болмайды" деп мәлімдейді.


- Бұдан бөлек,  шіркейлерден қосымша қорғайтын тосқауыл қоюға, жанкүйерлерге жайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр - мамандар спорт нысандарының маңайындағы аймақтарды, жанкүйерлер фестивалі өтетін территорияларды жәндіктерді жоюға арналған препараттармен дәрілеп жатыр, - дейді Ермакова.


Юлия Ермакованың хабарлауынша, Волгоград табиғат ресурстары, орман шаруашылығы және экология комитеті шіркейді азайту шараларына сегіз миллиондай рубль жұмсаған. Ал комитеттегі аноним дереккөз кемі 40 миллион рубль деген өзге санды атайды. Ертеректе баспасөзде осы сома жарияланған.


Сегіз миллион немесе қырық миллион рубль бола ма - шіркейлер мұны елең етпейтін тәрізді.




Алдағы уақытта сол жерде ойнауы тиіс әлем чемпионаты қатысушыларына Волгоград стадионының "ерекшеліктері" туралы хабар жетіп қойған. Исландия құрамасының шабуылдаушысы Альфред Финбогассон (оның командасы ол жақта 22 маусымда Нигерия құрамасымен ойнайды) Твиттер парақшасында "Англияның матчын бақылағаннан кейін Волгоградқа асай-мүсейімді асынып, дайындалып келдім" деген әзілдеп жазған.




 (Азаттықтың Орыс қызметі тілшісі Евгений Лемкустің мақаласы орысшадан аударылды)






Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?

Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

Фестиваль «Песня года» 2024 состоится в ДС «Мегаспорт» в Москве

Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?


Коллекция Nensi Dojaka весна-лето 2025

Почему туристов в Сочи называют странным словом  «бздых»

Трещит голова и тотальная слабость: Доктор Кутушов объяснил, как метеозависимость влияет на наше состояние

Желдорреммаш определил лучших работников локомотиворемонтных заводов 2024 года


Just hours left for thousands of hard-up households to get £100s worth of white goods or new boiler – how to claim now

My mother and I were still estranged when she died in 2019. I went to a medium to connect with her and it brought me closure.

Grisly suicide-pod tale blows up lies of ‘dignity’ in assisted suicide

Every time we go on holiday my husband ogles other women on the beach


На Неву вернулся один из первых речных трамвайчиков Петербурга

Беспроводной сканер штрих-кодов SAOTRON P05i промышленного класса

Задержан предполагаемый виновник смертельного ДТП с автобусом в Прикамье

Жизнь-штука полосатая...


Мультиплеерный данжен-кроулер Greedy Wizards: Speed Dungeon вышел в новой стране на iOS и Android

Мафия-НН: Густой аромат армянского кофе наполнил воздух старательно украшенной гостиной.

Ранняя версия Mini Empire: Hero Never Cry с русским языком доступна в Google Play

Elgato Game Capture Neo review



Самый ожидаемый сериал года «Фарма» с Марком Эйдельштейном и Никитой Павленко вышел на PREMIER

Завершен ремонт трех мостов на трассе Р-22 Каспий в Волгоградской и Тамбовской областях

Волгоградскую «Роспромэко» поймали на очередных манипуляциях с опасными химическими отходами

Магазин «Перекресток» проиграл суд жителю Волгограда


Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

В России цены на линейку iPhone 16 снизились на 8-10 процентов


Над российскими регионами сбили 125 дронов

Угрозы населённым пунктам нет: Лесной пожар в Волгоградской области за сутки вырос в 20 раз

Казань попала в топ-10 городов, где сохранились дореволюционные здания

В России цены на линейку iPhone 16 снизились на 8-10 процентов


Даниил Медведев обыграл Гаэля Монфиса и вышел во 2-й круг турнира ATP-500 в Пекине

Пекин (ATP). 2-й круг. Котов сыграет с Коболли, Сафиуллин – с Синнером, Медведев – с Маннарино

Павлюченкова объявила о досрочном завершении сезона

Янник Синнер не приедет на турнир ATP-500 в Вену


Житель Башкирии отдал 3 млн рублей за несуществующую проститутку

Жительницы Москвы, Краснодара и Санкт-Петербурга больше всех тратят на сумки

В Волгограде закроют входные группы подземного перехода станции « Комсомольская» на период ремонта

Фестиваль детского кино проведут в Волгоградской области


Музыкальные новости

Баста карапузики, кончилися танцы

Offset обвинил Карди Би в измене. Подробности!

Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

Отменить не получилось: Мэрилин Мэнсон анонсировал новый альбом


Ветеринары Калмыкии провели учения по ликвидации оспы овец и коз

Проект «Ростелекома» «Азбука интернета» отмечает 10-летие

В Беларуси работают над запуском новых авиарейсов в регионы России

Разгульная троица, убившая трёх человек, отправилась в колонию на 20 лет


«Его утвердили без проб». Агния Кузнецова в шоу «Вкусно с Анфисой Чеховой» рассказала, как убедила Балабанова взять на роль её однокурсника

Блокада или мир: Лавров поставил США перед честным выбором

«Готовы помогать»: Лавров высказался о желании Грузии помириться с абхазами и осетинами

Сергей Светлаков пригласил турецкую звезду Бурака Озчивита сыграть в продолжении «Беляковых в отпуске»


Дело из 90-х: семью из Владивостока убили за 300 долларов

В Волгоградской области завершается ремонт дороги к отдаленному хутору в Серафимовичском районе

В Балакове осуждены иностранные граждане, пытавшиеся вручить взятку сотруднику Ространснадзора

Смертельная авария с участием Mitsubishi произошла в Волгоградской области


Лавров: решения Запада по ударам вглубь РФ покажут, как услышали Путина

Лавров: решения Запада по ударам вглубь РФ покажут, как услышали Путина


Проект «Ростелекома» «Азбука интернета» отмечает 10-летие


Лавров заявил, что ФРГ молчат на запрос РФ показать, как лечили Навального

Лавров заявил, что ФРГ молчат на запрос РФ показать, как лечили Навального


Самый ожидаемый сериал года «Фарма» с Марком Эйдельштейном и Никитой Павленко вышел на PREMIER

Почти 550 тыс. жителей Волгоградской области прошли иммунизацию от гриппа

Жителей Волгограда обманули представившиеся медиками мошенники

«На улицу выйти невозможно»: на юге Волгограда жители мучаются от тошнотворного запаха сероводорода


The Spectator: Зеленский обвинит Запад в предательстве

Пресс-секретарь Зеленского: граждане РФ первыми узнают о разрешении Киеву бить вглубь России


В Волгограде из ватерпольной школы «Спартак» разом отчислили 130 детей

"Хорошие новости": уникальная выставка про богиню Анаит, рейс в Волгоград и медали ЧМ по тяжелой атлетике

В Волгограде построен центр спортивных единоборств

В Волгограде участники исторического велопробега передали юным спортсменам велосипеды



Собянин: Реставрация 14 жилых домов завершится в этом году

Собянин пригласил москвичей посетить павильон «Умный город» на ВДНХ

Сергей Собянин. Главное за день

Собянин рассказал о реставрации объектов культурного наследия


«Не опасная, но может ущипнуть»: в Волгограде дома горожан захватывают хладнокровные пресмыкающиеся

Под Волгоградом разбушевался крупный лесной пожар — видео

В Волгоградской области природные парки отдадут Волгоградоблохоте

Угрозы населённым пунктам нет: Лесной пожар в Волгоградской области за сутки вырос в 20 раз


Житель Башкирии отдал 3 млн рублей за несуществующую проститутку

Волгоградцам назвали приложения, выкравшие их деньги

В Волгограде закроют входные группы подземного перехода станции « Комсомольская» на период ремонта

ХРОНИКА ДТП ЗА НЕДЕЛЮ


ТСД SAOTRON RT41 GUN: практичный, производительный, надёжный

Прокуратура проверяет информацию о пропаже вертолета в Архангельской области

В Архангельске возобновилась реконструкция международного аэропорта в Талагах

В пропавшем в Архангельской области вертолете находился депутат Сметанин


В Симферополе появится новый бизнес-центр “Крымский”

Творческая композиция «Диво дивное руки творят».

Прогноз погоды в Крыму на 26 сентября

В районе Симферополя появится необычный жилой квартал


Минобороны РФ: 17 беспилотников ВСУ уничтожили над Белгородской областью

В России цены на линейку iPhone 16 снизились на 8-10 процентов

125 беспилотников были уничтожены за ночь над территорией России

Казань попала в топ-10 городов, где сохранились дореволюционные здания














СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *