Жанармай бекеттеріне 10 млн теңге айыппұл салынды - Түркістан облысы
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жанармай сататын бекеттерге 10 млн теңгеден аса айыппұлдар салынды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы - авт.) бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сіллтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
