Түркістан облысында ірі қара мал басы 6,7 пайызға артты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда салынған жылыжайлардың 77 пайызы және тамшылатып суару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша 86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.
