Музей - өткенімен үндескен болашақтың айнасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Мәдениеттану 3 курс студенті Әріпбек Диана
Жетекші аға-оқытушы: Кудерина Айжан
Музей – өткенімен үндескен болашақтың айнасы
Бүгінгі күннің жедел өзгерістерге толы қарқыны мәдениет пен руханият саласына да жаңа серпін әкелді. Технология, цифрлық коммуникациялар, жасанды интеллект мүмкіндіктері біздің дүниетанымымызды ғана емес, сонымен қатар тарихи мұраларды сақтап, жеткізудің жолдарын да түбегейлі өзгертіп жатыр. Осы өзгеріс аясында музейлердің атқаратын рөлі де мүлде жаңа биіктерге көтерілді.
Музей – бұл жай ғана экспонаттар жинағы емес. Ол – халықтың жадын сақтайтын, ұрпақтар сабақтастығынқамтамасыз ететін киелі кеңістік. Әр жәдігер – ұлттыңтарихы мен болмысын, рухани тереңдігін бейнелейтінқұндылық. Музей – бұл қоғамның «ұжымдық жадын» сақтайтын мекеме.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының МемлекеттікОрталық музейі – ел тарихының, мәдениетінің, руханибайлығының ең шынайы куәгері болып табылады. 1931 жылы Алматы қаласында құрылған бұл музей – Қазақстандағы ең көне әрі ең ірі музейлердің бірі. Оныңэкспозициялары қазақ халқының арғы-бергі тарихынанбастап, этнографиясына, өнеріне, тәуелсіздік кезеңінедейінгі маңызды деректер мен құндылықтарды қамтиды.Бүгінде музейлер тек жәдігерлер қоймасы емес, мәдени-ағартушылық, ғылыми, танымдық орталық ретінде...
