Добавить новость
smi24.net
World News
Июнь
2025

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Жеке мәселелерін тыңдады

0

Қазіргі таңда, билік өкілдері тұрғындармен кездесулер өткізіліп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету үрдіске айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің назардан тыс қалмауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді.
Бүгін аудан басшысы әкімдіктің мәжіліс залында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге жауапты сала орынбасары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі көпке ортақ мәселелерді қозғап, өтініштерін жеткізді. Олардың қатарында, жер телімін алу, баспана, жұмыспен қамту мәселелері бар.
Тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімі заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Кейбір мәселелер бойынша нақты жауаптар берілсе, қалғандары тиістілігіне қарай жауапты сала басшыларының құзырына, белгіленген уақыт мерзімінде орындалуы тапсырылды. Әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.

Сообщение ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Жеке мәселелерін тыңдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *