Добавить новость
smi24.net
World News
Июнь
2025

Алматыда “Арыстан“ базары сүріліп жатыр

0

Алматыда "Арыстан" базары сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеріс барысында "Фирма Тигрохауд" ЖШС иесі базардың бір бөлігін рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталды. Бұл факт бойынша әкімшілік шаралар қабылданған.
Жағдай бойынша басқарма сотқа шағым түсіріп, заңсыз салынған базар аумақтарын сүруді талап еткен.

"Ақсай-4" шағынауданында орналасқан ірі базардың 2000 шаршы метрден аса сауда алаңы сот шешімі бойынша сүріліп жатыр", – деп хабарлады басқарма.

Сот 2024 жылдың 1 наурызында базардың 2125,62 шаршы метр аумағын сүру туралы шешім шығарған. 2024 жылдың 19 шілдесінде Алматы қалалық соты бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *