Қостанайда әскери комиссариат қызметкерлері колледж студенттеріне емтихан кезінде келген
Студенттерді сөйлесу үшін шақырған, бірақ іс жүзінде оларды әскери комиссариатқа топ-тобымен алып кеткен көрінеді.
Ата-аналардың айтуынша, оқу орнындағы сабақтар 30 маусымға дейін жалғасады, сол күнге дейін олар ресми түрде студент ретінде саналады.
Олар әскери комиссариат өкілдерінің әрекетін заңсыз деп санайды. Қорғаныс істері жөніндегі жергілікті басқарма осы жағдайға пікір білдірді.
"6 маусымда Қостанай құрылыс колледжінде оқуын аяқтағалы жатқан студенттер денсаулығы бойынша мерзімді әскери қызмет өтеуге жарамдылық дәрежесін анықтау үшін облыстық құрама пунктіне өз еркімен жеткізілді. Қостанай облысының жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары іс-шараларды өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Іс-шара аясында әскерге шақырылушылар психологиялық тестілеуден және алдын ала медициналық куәландырудан өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
