Добавить новость
smi24.net
World News
Июнь
2025

Қазақстанда екінші АЭС біріншісіне қарағанда тезірек салынуы мүмкін

0
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда екінші АЭС біріншісіне қарағанда тезірек салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, АЭС салу мерзімі жобаны іске асыратын компания ұсынатын технологияларға байланысты болады.

"Барлығы салатын компанияның технологиясына байланысты болады", – деді Роман Скляр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.


Сондай-ақ, ол үкімет екінші нысанның құрылысын кейінге қалдыруды жоспарламайтынын және екі жобаны қатар дамытуды көздеп отырғанын атап өтті.

"Біз екінші АЭС құрылысын созбауды жоспарлап отырмыз", – деді вице-премьер.

Болашақ станцияның құны әзірге белгісіз. Бұл тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *