Нұрғиса Тілендиев – мәңгілік музыка мұрасы
Қазақ музыкасының тарихында өшпес із қалдырған, шығармашылығымен көпке үлгі болған кемеңгер дирижёр әрі композитор, халықтың жүрегін баураған аңыз тұлға – Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев. Биыл оның 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Осы мерейтойға орай 1 сәуір күні Астана қаласында “Әлқисса – Нұрғиса” атты салтанатты концерт ұйымдастырылды. Ауқымды мәдени шара елордадағы “QAZAQSTAN” орталық концерт залында өтті.
Концерт барысында композитордың «Ата толғауы», «Аққу», «Саржайлау», «Құстар әні» сынды халық сүйіп тыңдайтын туындылары орындалды. Сахна төрінде Дінзухра Тілендиеваның дирижёрлық етуімен «Отырар сазы» оркестрі өнер көрсетті. Сонымен қатар, бірнеше симфониялық оркестр, хор капелласы мен еліміздің танымал өнерпаздары сахнада бас қосты.
Бұл кеш...
