Добавить новость
smi24.net
World News
Июнь
2025

Қазақстандықтар Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланды

0
Таяу Шығыстағы қарқынды шиеленіскен жағдайда Қазақстан өз азаматтарын Иран Ислам Республикасының аумағынан эвакуациялауды жедел ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Үйлесімді жұмыс пен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейінің арқасында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, құзыретті мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері 109 отандасымызды елге қайтарды", - делінген хабарламада.


Эвакуация өңірдің достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен жүзеге асырылған.


"Атап айтқанда 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы және 20 адам Әзербайжан арқылы өтті. Барлық азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілді және Отанға оралу үшін қажетті жағдай жасалды", - делінген хабарламада.

Суреттер: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қысқа мерзімде 200-ден астам азамат хабарласып, оларға көмек көрсетілген. Ирандағы барлық қазақстандықпен үздіксіз байланыс орнатылып, олардың алдын ала келісілген транзиттік бағыттары бойынша жүріп-тұруы ұйымдастырылды.

"Отандастарымызды елге қайтару бойынша жұмыс жалғасуда және қазіргі уақытта ҚР СІМ басқа құзыретті ведомстволармен бірлесіп Қазақстан азаматтарын Израиль Мемлекетінен эвакуациялауды пысықтап жатыр. Шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары, қауіпсіздігі мен амандығы – еліміздің сыртқы саяси бағытының аса маңызды басымдығы".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *