XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап Мәдениеттанудың, яғни мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілімнің негізі қаланды. Содан бері өркениетті туындататын мәдениет жеке пән ретінде қалыптасты. Мәдениеттану ілімі бүкіл Жер шарының біртұтас мәдениетін ғана емес, жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарын және де мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының жалпылама мәдени даму процесінің тұтастай заңдылықтарын анықтайды. Бұл ерекше пәнді бірі біліп, бірі білмесе де ол өзінің ерекшілігін, ауқымдылығы мен қызықтылығын жоғалтпайды. Мәдениеттану арқылы әлем мен адамзаттың ой-өрісін жақыннан танып, үлкен көлемдегі жаңа көзқарастарға жол ашамыз. Сол мәдениеттің бастамасы мен ошағы одан аз маңыздылыққа ие деп айта алмаймыз. Себебі дұрыс таңдау...