Добавить новость
smi24.net
World News
Июнь
2025

Түркістандық жастар “Таза Қазақстан“ экологиялық шарасы аясында тимбилдинг өткізді

0

Түркістан облысында "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында қоғамдық сананы арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.
Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығы" мекемесі жүзеге асырды. Оған 100-ге жуық жас пен еріктілер қатысты.

Қоғамдық орындарда экологиялық сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Қатысушылар "Біз таза қаланы қолдаймыз!", "#TazaQazaqstan2025 – сен де қосыл!" сынды ұрандарды қолдап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттады. Іс-шара барысында тұрғындармен сұхбат жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар берілді.

"Жібек жолы" саябағында өткен бұл шараға қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттады.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, жастардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында тимбилдинг форматында жаттығулар мен ойындар өткізілді.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *