Добавить новость
smi24.net
World News
Июнь
2025

40 градусқа дейін ыстық және нөсер: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0

Қазгидромет 21, 22, 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ та жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейеді, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

"Ауа температурасы бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндіз термометр бағаны батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 18-30 градус жылыны, Қазақстанның орталығында 20-33 градус жылыны көрсетеді. Шығыста кейбір аудандарда 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *