Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан жасырын тоннель анықталды

0

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, ҚМА және ҰҚК облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.
Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

"Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *