Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Маңғыстауда жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

0

Маңғыстау облысының Құрық ауылында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды. Куәгерлер бұл жанжалды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, жаппай төбелеске ондаған адам қатысқан. Қарсыластар бір-біріне таяқ және тас лақтырған.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, қақтығысқа қатысқандардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналар да кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады департамент.

Ведомство мәліметінше, барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *