Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Доллар 540 теңгеге дейін көтерілді

0

Қазақстанда доллар бағамы қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 11:40-тағы жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде долларды 539-540 теңгеден сатып жатыр, сатып алу бағасы – 532-533 теңге. Алматыда доллар 538-541 теңге аралығында сатылып жатыр, сатып алу бағасы – 534-537 теңге.

Айта кетейік, 22 шілдеде Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 535 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыда сатылымдағы орташа бағам – 532 теңге, сатып алу – 530 теңге болған.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша, 1 АҚШ доллары 531,96 теңгеге тең.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *