Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

0
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, Димаш Құдайберген Қырғызстанда "Мейкин Азия" фестивалінде өнер көрсеткен.

"Фестиваль қорытындысында Мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов Құдайберген Дінмұхаммедке (Димаш Құдайбергенге) – Қазақстан әншісі, композиторына – Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағын табыс етті", – делінген хабарламада.


Димаш Құдайберген – жеті октавалық бірегей дауыс диапазоны бар қазақстандық әнші. Ол 2015 жылы "Славян базары" байқауындағы жеңісінен кейін және 2017 жылы Қытайдағы "Singer" шоуына қатысқаннан кейін танымал болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *