Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет нысаны пайдалануға берілді

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапары барысында Белбасар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің ашылуына қатысты.

 

— Шу ауданы — таланттар бесігі.   Бұл қасиетті өңірден мәдениет саласына елеулі үлес қосқан дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Шығармашылық мұрасы – жас ұрпаққа үлгі болып, ұлттық мәдениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етуде, — деді облыс әкімі.

Жаңа клубтың құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оны «Ник Тараз» ЖШС салған. Жоба құны – 373 млн теңге.

Нысанда 13 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс істейді.

— Біздің ауылда осы уақытқа дейін мәдениет үйі болмаған еді. Міне қазір заман талабына сай керемет нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, мәдени-танымдық іс-шараларға белсене қатысатын болды,-деді ауыл ақсақалы Естай Күнчашовке.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 20 мәдениет нысаны салынып, оның 
8-і пайдалануға берілді. Ал осы жылы жоспарланған 16 нысанның 3-і ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін  8 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сообщение Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет нысаны пайдалануға берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *