Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Ақтауда әйел биіктен құлап қаза болды

0

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңынан әйелдің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ол сегізінші қабаттан құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 шілдеде әйел тұрғын үйдің кіреберісінде орналасқан қоқыс жәшігіне құлаған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, марқұм құқық қорғау органдарының қызметкері болмаған. Бұған дейін БАҚ-та әйел полицияда жұмыс істеді деген болжам тараған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *