Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2025

Доллар бағамы өсті: биржадағы жағдай қандай?

0

Қазақстанда доллардың 30 шілдедегі бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы 546,36 теңге болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 4,09 теңгеге өскен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 шілдеге белгілеген ресми бағамы - 542,03 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 543,39 теңге, сату бағамы - 546,33 теңге. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 540,56 теңгеге сатып алып, 547,56 теңгеге сатып жатыр.

Бұған дейін Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 550 теңгеден асқан болатын. Кейін Ұлттық банк валюта интервенцияларын жүргізе бастағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *