Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

0

Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жеткен. Бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан астам адамға артқан. 1 маусымда елде 20 370 672 адам тұрған.
Халық саны ең көп өңірлер:

Алматы – 2 319 893 адам;
Түркістан облысы – 2 150 228 адам;Алматы облысы – 1 578 089 адам;
Астана – 1 576 337 адам.

Халқы миллионнан асатын өңірлер:

Шымкент – 1 277 743 адам;
Жамбыл облысы – 1 220 041 адам;Қарағанды облысы – 1 132 697 адам.

Халық ең аз қоныстанған өңірлер:

Ұлытау облысы – 220 266 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 518 049 адам;Абай облысы – 599 449 адам.

Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалада тұрады – 12 899 438 адам. Ауылдық жерлерде 7 488 373 адам өмір сүреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *