Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Ғарышкер Талғат Мұсабаевты қайда және қашан жерлейді?

0

Қазақстанның белгілі ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, қоштасу рәсімі 6 тамыз күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде өтеді. Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады. Талғат Мұсабаев Кенсай зиратында жерленеді.

Еске салайық, кеше Қазақстанның ғарышкері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Талғат Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы, Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. 2007–2016 жылдары Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, 2017–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *