Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

0

Алматыдағы Офицерлер үйінде ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де басталды.

Қоштасу рәсіміне Талғат Мұсабаевтың туыстары, жақындары, әріптестері мен достары, сондай-ақ мемлекеттік және қоғам қайраткерлері жиналды.

Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында митинг өткізу жоспарланған. Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Фото Tengrinews.kz ©/Никита Данилин
Ғарышкер Талғат Мұсабаев 4 шілде күні 74 жасында өмірден өтті. Ол 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылында дүниеге келген. Мұсабаев – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Ол ғарышқа үш рет ұшып, барлығы 341 тәулік, 9 сағат 46 минут болған. Барлық ұшулар барысында Мұсабаев сегіз рет ашық ғарышқа шыққан, бұл 43 сағат 46 минутқа созылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *