Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

LEGO компаниясының арызынан кейін Қарағанды дүкендерінде рейд жүргізілді

0

Қарағандыда ірі көлемдегі контрафакт өнім тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
LEGO компаниясы нарықта жалған өнімдер пайда болуына байланысты арыз жазған. Осыдан кейін Қарағанды қаласының қоймалары мен дүкендеріне рейдтер жүргізілген.

"Шамамен 1 миллион теңгеге жуық сомаға 175-тен аса LEGO конструкторы тәркіленді. Сараптама өнім сапасыз имитация екенін, өндіруші туралы ақпарат жоқ екенін және түпнұсқа өнімінің стандарттарына сәйкес келмейтінін көрсетті", - деп жазылған хабарламада.

Заң бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *