Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Алматыда терезе жуамын деген әйел биіктен құлай жаздады

0

Алматыда әйел терезе жуып жатқан кезде аяғы тайып, 12 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы кондиционердің кронштейніне ілініп қалған. Құтқарушылар әйелге көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 тамызда күндіз Алғабас шағынауданында болған. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, өрт сөндіру автосатысы, жедел жәрдем бригадалары, полиция және РОСО құтқарушылары жетті.

112 қызметінің диспетчері Даулет Құшқұрбаев куәгермен байланысып, әйелге қозғалмауын, сабыр сақтап, терезе жақтауынан ұстап тұруын айтып, тынышталуын сұраған.

Араға бірнеше минут салып, №14 өрт сөндіру бөлімінің тобы келді. Караул бастығы Алишер Ауғанбай автосатыны орналастырып, құтқарушылар әйелге көтерілді. Олар оны абайлап қауіпті биіктен түсіріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Әйел ауыр жарақат алған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *