Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі

0

Қазақстандық боксшы Құралай Егiнбайқызы Азия чемпионатының (U-19) финалында үндістандық Критика Васанды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финал жекпе-жекте Құралай төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Құралай Таиландтың Бангкок қаласында өткен World Boxing турнирінде Қазақстанға алғашқы алтын медальді сыйлады.

Еске салайық, финалға дейін Құралай Егiнбайқызы жартылай финалда өзбекстандық Рухшона Парпиеваны айқын басымдықпен жеңген еді.

Ал тағы бір қазақстандық боксшы Аяжан Ермек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Мусканға финалда төрешілердің бөлек шешімімен жол беріп, күміс медаль иеленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *