Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Алматыдағы студент қыздың өлімі: Министр себебін атады

0

Алматыда биыл шілде айында 14-қабаттан секіріп кеткен қыздың өліміне қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әл-Фараби университетінде болған қайғылы жағдайға байланысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот шешімі шықпай тұрып айтарым – бұл ең алдымен отбасылық, ішкі трагедия", – деді Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте.

Министрдің айтуынша, қазір бұл іс бойынша "Өзiн-өзi өлiмге дейiн жеткiзу" бабымен іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

"Бұл университетке де, оқу процесіне де қатысы жоқ. Бұл – ішкі отбасылық жағдай. Жақын күндері ресми ақпарат жарияланады", – деп сендірді ол.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда жас қыздың биік ғимараттың терезесінен секіріп, қаза тапқаны туралы хабар тараған. Кей деректерде бұл ғимарат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңсесі орналасқан корпус екені айтылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *