Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Бес немеренің әжесі: Түркістан облысында үшем дүниеге келді

0

Түркістан облысында 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкелді. Бұған дейін ол сегіз баланың анасы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, босану жоспарлы түрде, кесарь тілігі арқылы өткен. Жаңа туған ұл балалар – Аслан, Әлихан және Әлінұрдың, сондай-ақ, ананың жағдайы тұрақты. Барлығы үйіне шығарылды. Әйел Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылында тұрады.

"Әрине, оңай болған жоқ, әсіресе менің жасымда. Бірақ сәбилерімді көрген сәтте барлық қорқынышым кетті. Ең бастысы - бәрі аман-есен", - деді Орынкүл Нурабаева.

Осылайша көпбалалы отбасында енді 11 бала бар. Үлкен қызының жасы – 26-да, ал кішісі – төртте. Бұдан бөлек, Орынкүл Нұрабаеваның бес немересі бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *