Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

БАҚ Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді

0

БАҚ Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның денсаулығы күрт нашарлап, Норфолктегі үйінде әрең қозғалып жүр. Бұл жайында RadarOnline монархтың жақын ортасына сілтеме жасап жазды.

"Король ауыр, бірақ үмітсіз дертпен күресіп жүр. Бұл – оның өміріндегі қайғылы кезең. Дегенмен ол бәріне "бар күшіммен шыдап, жігерімді жоғалтпауға тырысып жүрмін" дейді", – деп жазады басылым дереккөзге сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Чарльз III таяққа сүйеніп жүреді және ауырсынуды жеңілдету үшін арақ-шарап ішеді.
Еске салайық, 2024 жылдың басында ІІІ Чарльзға қуықасты безіндегі онкологиялық дертке байланысты ота жасалды. Ал ақпанда Букингем сарайы ресми түрде диагнозды растаған болатын. Қоғамдық іс-шаралары азайғанына қарамастан, монарх мемлекет басшысы ретіндегі міндетін атқарып келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *