Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады

0

Енді оқушыларды басқа мектепке ауыстыру еGov порталында қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады. Порталда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электрон түрде беруге мүмкіндік бар.

"Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ, жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады", - деп жазылған хабарламада.

Қызметті алу үшін:

eGov.kz порталында тіркелу;
"Білім" бөліміндегі "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *