Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2025

Астанада жеңіл көлік жолдағы жұмысшыларды қағып кетті: бір адам қаза болды

0
Астанада жеңіл көлік жүргізушісі Сарайшық көпірінде екі жұмысшыны қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желде жол апаты болған жердің видеосы пайда болды.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA_BROTHER | АСТАНА | NEWS (@astana_brother)


Астана полициясы оқиғаның 18 тамызда түнінде болғаны хабарлады.

"Skoda маркалы автокөліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесі бағытына қарай Сарайшық көпірімен келе жатып жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескермей, жолдың жүріс бөлігінде жөндеу жұмыстарын істеп жатқан екі жұмысшыны қағып өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жатқызылды", – деді департамент өкілдері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *