Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Төмен бағада көлік ұсынып, жұртты алдаған қазақстандық Түркиядан қайтарылды

0

Қазақстандық Түркиядан елге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 2023 жылы Шымкент қаласында басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, интернетте "нарықтағы бағадан төмен бағамен көлік сатылады" деген жалған хабарландыру жариялаған.

"Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 миллион теңгеден аса қаражатынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған. Оған халықаралық іздеу жарияланып, биыл тамызда Түркия аумағында ұсталды", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *