Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қауіпті ауа райы: Қазақстанда күн күркіреп, бұршақ жауады

0

Қазгидромет Қазақстан тұрғындарын сәрсенбі, 10 қыркүйекте күтетін ауа райы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің көп өңірінде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай, жекелеген облыстарда бұршақ, екпінді жел және тұман болжанады.

Республиканың оңтүстігі мен батысында негізінен жауын-шашынсыз, кейбір аймақтарда құмды дауыл болады.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы:

Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +14…+16.

Алматы – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +27…+29.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +30…+32.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +18…+20, күндіз +28…+30.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 1–6 м/с, күндіз екпіні 10 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +19…+21.

Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +23…+25.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +21…+23.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстіктен 7–12 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +19…+21.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +15…+17.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып 9–14 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +28…+30.

Қостанай – бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +13…+15.

Қызылорда – ашық, күндіз құмды дауыл. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 7–12 м/с, күндіз екпіні 16 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +28…+30.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9–14 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +20…+22.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +14…+16.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +20…+22.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +26…+28.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +28…+30.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +30…+32.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +21…+23.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +18…+20.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


















Музыкальные новости





























СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *