Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Аутист балалар туралы пікір жазған блогер жұрттан кешірім сұрады

0
Аутизммен ауыратын балаларға өлім тілеген блогер жұрттан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Блогердің мәлімдемесі
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода блогер бұл әрекетке эмоциядан барғанын айтқан.

"Ауыр пікір жазғанымды қаншама ата-ана жекеме шығып жатқан соң түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар бала өзімнің баламмен жасты болған соң сол баланың орнына өз баламды лақтырып жібергендей сезім болып, ашуға беріліп айтып қойдым. ...Шын көңілмен кешірім сұраймын", - деді ол.


Министрлік пікірі
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті осы жайтқа пікір білдірді.

"Баланың құқығын жоққа шығаратын немесе зорлық-зомбылықты ақтайтын кез келген мәлімдеме заңға ғана емес, қоғамның адамгершілік қағидаттарына да қайшы. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқығын қорғау мемлекеттің ерекше назарында", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *