Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Алматыда жаяу жүргіншілер жолы самокаттардан тазарады: шешім жарияланды

0

Алматыда қазанның аяғына дейін электрсамокаттарға арналған пилоттық тұрақтар іске қосылады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, алғашқы кезеңдерде екі доңғалақты көлікті қалдыруға рұқсат етілетін 10 арнайы орын жабдықталады.

"Біз бүгінде пилоттық түрде 10 орынды анықтап қойдық және оларды белгілеу арқылы тұрақты тұрақ орындарын жасағымыз келеді. Осы 10 орын бойынша пилоттық жобаны осы аптада-ақ бастаймыз", – деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Құмарғазин.

Жоспар бойынша пилоттық жоба қазанның аяғына дейін жүзеге асырылады.
Еске салайық, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Құсаинов шаһарда электрсамокаттарды қауіпсіз пайдаланудың барлық шарттары орындалмайынша, олардың жалға шығуын толық тоқтатуды ұсынған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *