Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Зейнетақы қаржысын тіс емдеу үшін жұмсауға шектеу қойылды

0

Қазақстанда стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі хабарлады.

— Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады.

Аталған күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді. Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет, — делінген банк хабарламасында.

 

Сообщение Зейнетақы қаржысын тіс емдеу үшін жұмсауға шектеу қойылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *