Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Депутат Ардақ Назаров неге анасын Мәжіліс отырысында құттықтағанын түсіндірді

0
Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол бұл әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат желіде жазба жариялады.

"Анасын туған күнімен құттықтады деп даурығып жатқан жандарға жол болсын. Кеше ғана әкесін қан-жоса етіп тепкілеп, боқтаған видеоны баршаңыз көрдіңіздер. Бұл қабырғамызды қақыратып, жүрегімізді сыздатты. Оны көрген жас ұрпақ ертең оны қайталамасына кім кепіл? Ең ауыры бұл бейнежазбаға түскен бір ғана оқиға. Шын мәнінде ұрпағым үшін деп ғұмыр кешкен қаншама әке жетесіз ұлдарының қолынан қаза тапқанын естіп те жүрміз", - деді ол.

Ардақ Назаровтың сөзінше, осындай оқиғадан кейін жастарға ой салмақ болған.

"Дәл осындай сәтте елге ой салсақ, өскелең ұрпаққа сабақ болса деген ниетпен биік мінберден биік анаға деген құрметімді жеткізгім келді. Мәселе Парламент төрінде құттықтағанымда емес. Мәселе қайда жүрсең де, қандай қызмет атқарсаң да, мейлі кім болсаң да ата-анаңды құрметтеуді ұмытпауда", - деді ол.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ARDAK NAZAR (@ardaknazarov)


Еске салайық, бұған дейінгі Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл жайт қоғамда қызу талқыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

















Музыкальные новости





























СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *