Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Биыл Қазақстанда жалпы қанша жаңа баспана салынады

0

Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жауап берді.

— 2025 жылы елімізде барлық қаражат көздері есебінен 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176-нан астам пәтер салу жоспарланған, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Статистикалық деректерге сәйкес, 7 айдың қорытындысы бойынша 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 86 мың пәтер пайдалануға берілді.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Осы орайда Президент былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айта келе, құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек екенін тапсырды.

Сообщение Биыл Қазақстанда жалпы қанша жаңа баспана салынады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *