Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Қостанайда Mercedes көлігін бетон плита басып қалды

0

Қостанайда бетон плита жол жиегінде тұрған автокөліктің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета" мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға 22 қыркүйекте таңертең Қайырбеков көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында болған.

Полиция мәліметінше, Scania жүк көлігінің жүргізушісі бұзылған бетон құрылымдарын тасымалдап келе жатқан. Қайырбеков көшесіне бұрылған сәтте плиталардың бірі құлап, жол бойында тұрған Mercedes көлігін басып қалған.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Автокөлікке материалдық шығын келген.

"Шығынды бағалау және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарынан кейін, бұл факт бойынша процестік шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *