Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

“Ет бағасы енді өспейді“ - ауыл шаруашылығы министрі

0
Қазақстанда ет бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде мал басы 17% өсіп жатыр. Бұрын 7 млн 900 мың бас болса, қазір 8 млн 700 мыңға жетті. Өсу құнын айтатын болсақ, бұрын малдың тірідей бағасы – 1200-1500 аралығында болатын, қазір 1700-1800-ге дейін өсті. Өйткені дәрілеуі, суы, жемі бар. Ет күйінде баға 200-300 теңгеден 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін, одан ары қарай өспейді. Фермерлердің өткізіп жатқан орташа көтерме бағасы 3200-3500 теңге аралығында, ары қарайғы баға нарықтағы сатушыларға байланысты", - деп атап өтті министр.


Айта кетейік, бүгін Қазақстанда сиыр еті бойынша сенім телефоны ашылғаны хабарланды. Министрлік мәліметінше, жедел желі халық және бизнеспен кері байланысты күшейтуге, азық-түлік нарығында ашықтықты арттыруға, сондай-ақ жергілікті жерлерден түсетін дабылдарға дер кезінде әрекет етуге арналған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *