Добавить новость
smi24.net
World News
Октябрь
2025

Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйел өлі табылды

0
Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан полицей табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми деректерге сәйкес, өткен түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің денесі табылған. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері болған, ол медициналық мекемеге жеткізілді.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұловтың айтуынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалған.

"Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медициналық мекемеге жеткізілді. (...) Барлық іс-әрекет жан-жақты тергеледі, ал кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Бұл істің тергелу барысы менің жеке бақылауымда", — деді Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *