Добавить новость
smi24.net
World News
Октябрь
2025

Қазақстанда -13 градусқа дейін аяз түседі

0

Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антициклон: қай өңірлерде ашық ауа райы сақталады?
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болжанған.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.
Ауа температурасы қандай болады?

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы біртіндеп -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5…+15 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыста түнде -3…-13 градус аяз, күндіз +3…+11 градустан -5…+5 градусқа дейін ауытқулар күтіледі.
Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1 –3 градус үсік сақталады.

Қалған аймақтарда температурада аздаған ауытқулар болса да, елеулі өзгерістер күтілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *