Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025

Қызылордада күріш көлемі тағы қысқара ма

0

Су тапшылығының қатты сезілуінен суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында Қызылорда облысында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сенсек, Үкіметтің Жол картасына сәйкес келесі жылы күріш егістігінің көлемін 77,7 мың гектарға қысқарту жоспарланып отыр.

— Оның орнына суды аз қажет ететін жүгері, соя және майлы дақылдар егіледі. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану аясы кеңейеді. Бұл ретте егістік жерді лазерлік тегістеу жұмыстары тиімділігін көрсетті. Биыл диқандар күріштің 60 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізді. Осылайша суды 20% үнемдеу, өнімділікті арттыру мүмкін болды, — деді басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев.

2026 жылы бұл көрсеткішті 65 мың гектарға жеткізіп, 2028 жылға дейін егісті толығымен тегістеу көзделген.

— Биыл 8,1 мың гектар егіс тамшылату, жаңбырлату әдісімен суарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық, — деді басқарма басшысы.

Осыған дейін біз өңірде өндірілген 60 435,9 тонна күрішті күрішті шет елдер сатып алғанын жазған едік.

 

Сообщение Қызылордада күріш көлемі тағы қысқара ма появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *