Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025

Алматыда қар жауып, Астанада боран соғады: ауа райы болжамы

0

Синоптиктер 18, 19 және 20 желтоқсанда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада

18 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 16–18, күндіз 12–14 градус аяз.

19 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, күндіз қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 6–8 градус аяз.

20 желтоқсан – бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 метр. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 6–8 градус аяз.

Алматыда

18 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы.

19 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран, тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 3–5 градус аяз.

20 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 0–2 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *