Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
"Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 келіден асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды", - делінген хабарламада.
Тәркіленген заттардың ішінде:
героин - 0,999 келі,апиын - 3,620 келігашиш - 25,949 келі.
Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
