Тарих пен мəдениет кез келген халықтың рухани тірегі. Өткен мен бүгінді жалғайтын құралдардың бірі. Сол мəдениет пен тарихты дəріптеушілер олар келер ұрпақ болып саналады. Халықтың бастан өткен оқиғалары,салт-дəстүрлері,ырымдары сонымен қатар тіліміз ,мəдениет пен тарихтың негізгі кепілі. Сондықтан да түпкі тамырымызды білу-тарихты тану, ал мəдениетімізді сақтай білу ол болашаққа деген жауапкершілігімізді көрсете білу. Еліміздің тарихы ежелгі ғасырдан бері бастау алады. Мысалға айта келсек: сақтар,ғұндар,түркі қағанаттары қазақ жерінде мекендегені - тарихымыздың жоғарғы деңгейде болғанын көре аламыз. Ұлы Жібек жолы (ҰЖЖ) арқылы өнердің, ғылым мен білімнің жəне мəдениеттің дамуына ықпал еткен болатын. Осы кезеңде мəдениет пен тарих халықтың рухани құндылықтарының қалыптасуына ықпалын тигізіп,негізін...