Баланың ерте жастағы дамуы
Баланың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі-ерте жас.Бұл туғаннан бастап шамамен 6-7 жасқа дейінгі уақытты қамтиды.Дәл осы кезде баланың денсаулығы,ойлау қабілеті,сөйлеуі,мінезі мен жеке тұлғасы қалыптаса бастайды.Сондықтан бұл кезеңді баланың болашағының іргетасы деуге болады.
Ерте жаста бала айналасындағының бәріне қызығып,әр нәрседен жаңа үйренуге тырысады.Ғалымдар да адамның миы осы уақытта өте жылдам дамитынын айтады.Бала көргені мен естігенін тез қабылдап,есінде сақтайды.Сол себепті осы кезеңде берілген тәрбие мен көңіл бөлудің маңызы ерекше.
Баланың дамуы бірнеше бағытта жүреді.Біріншіден,бұл-физикалық даму.Бала жүріп,жүгіріп,секіріп,қимылдау арқылы денесін шынықтырады,бұлшық еттері күшейеді.Екіншіден,танымдық даму-бала ойлап,сұрақ қойып,заттардың не үшін керек екенін түсіне бастайды.Үшіншіден,сөйлеу дамуы-бала сөздік қорын көбейтіп, өз ойын айтуға үйренеді.Ал әлеуметтік-эмоциялық даму...
