Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025

1 қаңтарда «Халық бухгалтері» акциясы басталады

0

2026 жылдың 1 қаңтарында салықпен тікелей жұмыс істейтін мамандарға арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мәлім етті.

— Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге көмектесу үшін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады. Биылғы 19 желтоқсанда бухгалтерлер қауымдастығымен кездесуде біздің бастамамыз қолдау тапты, — деді Мәди Такиев.

Акция аясында ресми ресурстар арқылы онлайн-консультациялар беру көзделген. Сол үшін арнайы Telegram-арна құрылады. Сондай-ақ, оффлайн және онлайн форматта вебинарлар өткізілмек.

— Акцияға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылады. Акцияны бірінші жартыжылдық бойында өтеді, — деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шараларын талқыланып жатыр.

Сообщение 1 қаңтарда «Халық бухгалтері» акциясы басталады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *