Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025

Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

0

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрген болатын.

Сообщение Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *