Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

“Ауыл“ партиясы жылды қортындылады

0
22 желтоқсанда Астана қаласында партия құрылымдарының 2025 жылғы қызметін қорытындылауға арналған есептік семинар-кеңес өтті. Іс-шараға "Ауыл" фракциясының депутаттары, 20 өңірлік филиалдың басшылығы мен партия белсенділері қатысты.

"Өтіп бара жатқан жыл біздің партия үшін ең жемісті жылдардың бірі болды. Біздің күш-жігеріміздің арқасында мыңдаған іс-шаралар жүзеге асырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде азаматтардың партияға деген сенімі артып, ниеттес жандардың қатары көбейді. Бұл - қарапайым халықтың шынайы ризашылығының көрінісі", - деді "Ауыл" партиясының Төрағасы Серік Егізбаев.


Семинар-кеңес барысында есепті кезеңдегі партияның саяси және ұйымдастырушылық қызметіне кешенді талдау жасалды. Өңірлік құрылымдар жұмысының тиімділігі, депутаттық корпустың бастамалары, азаматтармен кері байланыс орнату тетіктері, сондай-ақ партиялық жобалардың іске асырылу барысы жан-жақты қаралды.
Кеңес аясында "Ауыл" партиясы мен Жұмабек Жанықұлов төрағалық ететін "PARYZ" жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы арасында стратегиялық ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті. Бұл келісім отандық кәсіпкерлікті қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту үшін практикалық платформа қалыптастырады. Тараптар еңбек қатынастарын нығайту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу жолында күш біріктіреді, бұл - қазақстандық ауылды дамытудың басты басымдығы.

Партияның дамуына және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау шараның ерекше салтанатты сәтіне айналды.
Жиын барысында партия Төрағасының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады. Сөз сөйлеушілер 2025 жылғы партиялық жобалардың нақты көрсеткіштерін саралап, Орталық аппарат пен өңірлік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша партияның келесі жылға арналған саяси стратегиясын айқындайтын бірқатар ұсынымдар қабылданып, өңірлерге нақты тапсырмалар жүктелді. Қабылданған шешімдер партия қызметінің тиімділігін арттыруға, халықпен өзара іс-қимыл сапасын жақсартуға және жалпыұлттық басымдықтарды іске асырудағы "Ауыл" партиясының жауапкершілігін одан әрі нығайтуға бағытталған.














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *